Skip to content

104 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді,деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеп. 

Өткен жылмен салыстыратын болсақ, 2023 жылы 94 мыңнан астам өтініш қабылданған болатын.

 Естеріңізге салсақ, биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. 

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *