Қазақстанда 2023 жылы шамамаен 1млн адам жұмысқа орналасады. Халықты жұмыспен қамту шаралары туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында баяндалды. Жергілікті атқарушы органдар 15 қаңтарға дейін өңірлік жұмыспен қамту карталарына бекітетін болады.
Шарада Тамара Дүйсенова Министрліктің әлеуметтік еңбек саласындағы қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының 5 стратегиялық бағыты туралы баяндады. Ондағы үшінші стратегиялық бағыт азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Алқа отырысында халықты жұмыспен қамтудың өңірлік картасы бойынша атқарған шараларды Қостанай облысының әкімі Асқар Дүйсебайұлы баяндады.
Ағымдағы жылы кемінде 41мың адамды, оның ішінде іске асырып жатқан ұлттық жобаларда 6,5мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Азаматтардың әл ауқатын арттыру жөніндегі жұмыстар ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс қимыл жоспары аясында жалғастырылмақ.