Жыл басынан бері 14 бала үйде қараусыз қалып, терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Осы жағдайға алаңдаған Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Нәсімжан Оспанова ата-аналарға үндеу жасады.
— Құрметті ата — ана, Сіздерден өтінеміз: терезелерге блокаторлар қойыңыз. Бұл қарапайым құрылғылар балаларымыздың абайсызда құлап кетуіне жол бермей, олардың өмірін сақтай алады. Үйіңіздегі терезелердің қауіпсіз жабылғанын және қол жетпейтінін тексеріңіз.
Сондай-ақ балаларыңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бір сәт назар аудармау трагедияға айналуы мүмкін. Балаларымыздың қуанышты күлкісі мен алаңсыз ойындары әрқашан үйімізді бақыт пен сүйіспеншілікке толтыруы үшін балаларымызды қорғауға мұқият болуымыз керек. Балаларыңызға қамқор болыңыз!