Skip to content

2025 ЖЫЛЫ ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУҒА 7,4 ТРЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Өңірлерді дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым бағыттарының бірі саналады. Бұл мақсаттарға 2025 жылы 7,4 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп. 

 Аталған қаражат есебінен халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету (қалаларда 99,6%-ға дейін, ауылдық елді мекендерде 98%-ға дейін), жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендету, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 18 көлік инфрақұрылымы нысаны, 33 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және 91 әлеуметтік нысанды жаңғырту бойынша 51 515 адам мен 3 ауылдық елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *