Skip to content

2027 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Жағымды жаңалықпен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

 Министр Будапештке сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.

«2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», – деп атап өтті Мырзабосынов.

 

Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *