Skip to content

28 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

      Жетісай ауданында  9 айда бюджеттің өзіндік кірістері  417 млн теңгеге артық орындалған. Алайда шығыс жоспары 1 пайызға кем болып, 14 млн нан астам қаржы игерілмей қалған.  Бұл туралы Жетісай аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы БАҚ өкілдеріне берген срифинг барысында айтты. Сала басшысы Дипломмен ауылға жобасы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде де баяндады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Жетісай ауданында 6 сала бойынша 28 бюджеттік инвестициялық жоба іске асып жатыр. Биыл соның 16- сы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған 12 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Бұдан бөлек  8 сала бойынша  құны 18,8 млрд теңге болатын 39 жоба  әзірленген. Қолдау тапқан жағдайды құрылыцс жұмыстары басталады дейді бөлім басшысы.

ӨМІРЗАҚ ДҮЙСЕБАЕВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

– Оның ішінде тұрғын үй – 3,абаттандыру – 2, спорт және мәдениет саласы – 3, электрмен қамтамасыз ету – 2, ауыцз сумен қамтамасыз ету -4, газбен қамтамасыз ету бойынша – 14 жоба.

Соңғы бес жылда 390 маман Дипломмен ауылға жобасы аясында несие алса, 1625 маманға  бір реттік көтерме жәрдемақы төленген. Мемлекеттік қолдау ауылдық жерлерге  жұмыс істеуге немесе тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет , спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық, кент әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілеріне беріледі.

ӨМІРЗАҚ ДҮЙСЕБАЕВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

– 2023 жылы  350 маманға 120,7 млн етңге жергілікті бюджеттен қаралған. 1 маманға 345 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді. 87 маманға 450,2 млн теңге республикалық бюджеттен қаралды.  1 маманға 5 млн 175 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит бойынша мамандармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері бөлім басшысы сауалдар жолдап, жауаптар алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *