Солтүстік Қазақстанда тұтас отбасы тамақтан уланып, екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Қазақстан телеграм каналына сілтеп.
Дәрігерлердің мәліметінше, 3-ші баланың да жағдайы ауыр. Анасы бірқалыпты.
Туыстарының айтуынша, балалардың анасы дүкеннен тұшпара мен шұжық алған. Кешкі астан кейін 3 жасар бала үйінде қайтыс болып, 6 жасар баласы ауруханада көз жұмды. Екі баланың мәйіті сараптамаға жіберілді.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.