Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописты Бабуржан Рахманқұлов 1 жас 3 айлық баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі. Оның тыныс алу жолдарынан бөгде затты алып тастаған.
Анасының айтуынша, бала кешкі сағат 22:00 шамасында полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Жөтелден кейін өкпесінде сырылдар пайда болып, дем ала алмай қалған.
Жағдайының нашарлауына байланысты «Мақтарал» орталық ауруханасына жүгінген. Ауыр халіне байланысты бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация желісі арқылы облыстық балалар ауруханасының балалар торакальды хирургы мен реаниматологы ауруханаға ауыстырылды. Шұғыл түрде зерттеулер өткізіліп, бронхоскопия арқылы сол жақ негізгі бронхтан тауықтың сүйегі алынды. Нәтижесінде қауіп сейіліп, баланың денсаулығы қалыпты жағдайға түсті, делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінде