Skip to content

ТҮРКІСТАНДА 5 ҚАБАТТЫ 20 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

                                                                                                      Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма берді. Сын-ескертпелер айтты.
Түркістандық кәсіпкерлерді қолдап, қажетті құрылыс материалдары мен есіктерді жергілікті шеберлерден сатып алуды ескертті. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.
Тұтас қалашыққа айналатын 20 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы алаңы 145 мың шаршы метрге жуық. Жаңа үйлерден 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады.
Облыс құрылғаннан бері өңірде 176 көпқабатты үй салынып, 40 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 232 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Түркістан қаласында 80 мыңнан астам тұрғынға инфрақұрылым жасақталып, тұрғын үй салынды. Жаңа шағын аудандар пайда болып, талай отбасының баспана мәселесі шешілді.
Биыл бюджет есебінен 41, жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй салу жоспарланған. Жеке қаржы есебінен салынатын жер үйлер жоспары – 781,851 мың шаршы метр. Сонымен қатар 2024 жылы 191 үй салу жоспары бекітілді. 159 тұрғын үйді жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *