Skip to content

2024 ЖЫЛЫ 14 БАЛА ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАП КЕТКЕН

                                                                                                        Жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

Осыған алаңдаған Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Нәсімжан Оспанова ата-аналарға үндеу жасады . 

– Құрметті ата – аналар, сіздерден өтінеміз:  терезелерге блокаторлар қойыңыз.  Бұл қарапайым құрылғылар балаларымыздың абайсызда құлап кетуіне жол бермей, олардың өмірін сақтай алады.  Үйіңіздегі терезелердің қауіпсіз жабылғанын және балалардың қолы жетпейтінін тексеріңіз.
Сондай-ақ балаларыңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.  Бір сәт назар аудармау трагедияға айналуы мүмкін.  Балаларымыздың қуанышты күлкісі мен алаңсыз ойындары әрқашан үйімізді бақыт пен сүйіспеншілікке толтыруы үшін балаларымызды қорғауға мұқият болуымыз керек.  Балаларыңызға қамқор болыңыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *