Skip to content

АПТАП ЫСТЫҚ КҮТІЛУДЕ

                                                                                  Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық болады. Сынап бағаны +46 градусқа жетуі мүмкін, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеп.

Еліміздің шығысында соңғы үш тәулікте орташа ауа температурасы +41 градусқа дейін көтерілді. Оңтүстік аудандарда +47 градусқа жеткен.

«25-26 маусым күндері еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр, кейбір жекелеген аймақтарында қатты жауын болатынына қарамастан, 27 маусымда еліміздің солтүстік аймағына аптап ыстық келеді. Термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде +35,+38 градусты көрсетсе, оңтүстік аймақтарда +40+46 градусқа дейін күн ысиды»,- делінген  «Қазгидромет» РМК мәліметінде.

Дәрігерлер қатты ыстық, әсіресе созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан науқастарға өте қолайсыз екенін ескертті. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *