Маңғыстауда миллиардтаған ақша жымқырған мұнай кәсіпорындарының басшылары ұсталды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
«ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-нің («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден автобустарды негізгі құнынан 400 млн теңгеге артық ақшаға сатып алған. Яғни, құны 1,1 млрд теңге болатын автобустарды 1,5 млрд теңгеге алған.
Ал «West Oil Software» ЖШС-де жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеген. Сонымен бірге компания басшылығының жақын туыстарын қоса алғанда негізсіз жалақы есептеу деректері анықталып отыр.
Сотқа дейінгі тергеуден кейін кәсіпорындардың 4 басшысы ұсталды.