Skip to content

ЖАҢА 10 000 ТЕҢГЕ ШЫҒАДЫ

                                                                                                            Жаңа дизайндегі банкноталар 28-ші маусымда шығады. Күзде жаппай таралады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Ал айналымда жүрген 2012 жылғы үлгідегі банкнота екі жылдың ішінде біртіндеп алынады.

«Банкнота қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген. Алдағы күндері айналымға шыққаннан кейін, екінші деңгейдегі банктер оны адаптацияға алады. Яғни бүкіл кассалық техника, банкоматтар мен терминалдар жаңа ақшаға қатысты тиісті бейімдеуден өткеннен кейін, шамамен қыркүйек айында халықтың қолына тиеді.», – деді Ұлттық банкі Қолма-қол ақша айналысы департаменті жобасының бас дизайнер-маманы Санжар Нұрқасымов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *