Skip to content

ШЕНЕУНІКТЕР ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ

                                                                                                   Қазақстанда алғашқы петиция мақұлданды. Енді шенеуніктер құмар ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Жәнібек Наушабайұлы бұл бағытта арнайы бұйрық жобасы дайындалатынын айтты.

«Мемлекеттік, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы орган қызметкерлерінің құмар ойын ойнауына тыйым салудың және жолын кесудің сақталуын бақылау мақсатында мүдделі органдардың бірлескен бұйрығы әзірленіп, жақын арада қабылданады. Құмар ойындарға қатысу және бәс тігу фактісі расталған жағдайда, құқық бұзушылар теріс себептермен жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады», – деді Жәнібек Наушабайұлы.

Ал Мәжіліс мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатын заңды қабылдап, Сенат қарауына жіберіді.

Жалпы елімізде 350 мың адам құмар ойынға тұрақты қатысады. Алдағы екі жылда екі есеге қысқарту жоспарда бар. Осы орайда ойынға тәуелділер мемлекет есебінен тегін емделіп, медициналық оңалтумен қамтылады. Бұл мақсатта бюджеттен 80 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *