Астанада өткен қазақ-қытай кеңесінде құны 3,7 млрд доллар болатын 40 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Ақордаға сілтеп.
Олардың қатарында Энергетика министрлігі мен CNPC арасындағы келісім, «ҚазМұнайГаз», Sinopec және СИБУР арасындағы «Силлено» жобасына қатысты үш жақты хаттама, «Қазақстан темір жолы» мен CRRC арасындағы 200 локомотив жеткізу туралы шарт, «ҚТЖ» мен «Ляньюньган порты» арасындағы Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу жобасына инвестиция салу туралы келісім бар. Сонымен қатар «Қазпоштамен» үш келісім жасалды.