Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКСТРЕМИСТІК СИПАТТАҒЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАРАТҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

                                                                    Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

Діни экстремизмнің жақтаушысы Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқаны анықталды.

Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітапты, ноутбукты және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде, делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *