Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОСЫМША 700 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ОРНЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Президенттің білім беру саласындағы тапсырмаларының орындалуын тексерді. Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында оқушылар мен студенттердің білім алуына жағдай жасау жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешу бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Білікті кадрлар даярлау үшін жоғары оқу орындары жаңғыртылуда.

 Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №97 мектеп-гимназиясында болды. Ғимарат бұрынғы апатты жағдайдағы мектептің орнына тұрғызылған. 

 Ұлттық жоба аясында салынған алғашқы мектеп жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілмек. Бүгінде нысан 95%-ға дайын, онда әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектепте 945 оқушы білім алатын болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті орта құрылды. Барлық оқушының өзіндік қажеттіліктерін ескере отырып, заманауи технологиялар енгізу арқылы білім сапасы артады, шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында материалдық-техникалық база жақсартылады.

 Үкімет басшысына мектеп ғимаратының құрылысы мерзімінен бұрын жүзеге асырылғаны туралы баяндалды. Ол үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының екі ауысымдық кестесі ұйымдастырылды. Барлық кезеңде орта есеппен 250 адам тұрақты түрде жұмыс істеді. Бүгінде негізгі жұмыстар аяқталып, технологиялық жабдықтармен жарақтандыру жүріп жатыр.
Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарының сапасын бақылаудың маңызды екенін баса айтты.

«Алматы мектептерінің шамадан тыс толуы – аса өткір мәселе, сондықтан құрылысты мерзімінен бұрын аяқтау қажет. Бұл ретте алдымен сапаға басымдық берілуі керек. Балаларға арналған инфрақұрылым қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай болуы керек, технологиялық жарақтандырылып, балаларымыздың қолайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік беруі тиіс», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *