Осы жылы, Түркістан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» шағын грантын жастардың арасында іске асырылды. Нәтижесінде облысымыздың аудан, қаласынан 502 өтінім түсті. Оның ішінен 40 жобаны техникалық іріктеуден өткізіп, комиссия мүшелеріне ұсынылады. Іріктеу кезеңі 2024 жылғы 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Соңғы комиссия отырысы барысында 40 жоба комиссия алдында өз жобаларын қорғап, нәтижесінде 20 жас шағын грант иегері атанды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Оның ішінде Жетісайлық Сайлау Бедилов те бар. Қоғалы ауылының тұрғыны шағын гранттың қаржысына өз ауылынан шаштараз ашпақ ниетте. Қазіргі таңда жоба ұйымдастырушылары Жетісайлық жеңімпаздың керекті құрал-жабдықтарын жеткізіп берген. Сайлау енді ерлерге арналған шаштараздың ашылу салтанатын жасап, лентасын қию қалғанын айтады.
«Zhas project» жобасының негізгі мақсаты — жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады. Жастар әлеуметтік және кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыға ие болады. Бизнес құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдау ала алады.
Жоба әлеуметтік жобаларды іске асыруға, өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға 18 жастан 34 жасқа дейінгі мүдделі жастарға (қоса алғанда) бағытталған.