Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» ЖОБАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Түркістан облысында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Ауылдағы бір күнім» байқауы басталды. Оған 13 команда қатысады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

Жобаның басты мақсаты – жастар арасында қазақтың төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Байқау Қазығұрт ауданындағы тұмса табиғат аясында өтіп жатыр. Қатысушыларға әсерлі болуы үшін, этно-ауыл құрылды.

Жігіттер садақ ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарда бақ сынайды. Қыздар аспаздық қабілеттерін көрсетеді. Олар құрт пен ет қамырын жайып, үлкендердің бағасын алады.

Соңғы кезеңде зияткерлік ойын ұйымдастырылады, сайысқа қатысушыларға Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы сұрақтар қойылады.

Жүлдегер командалар ақшалай сыйлықтарға ие болады. Айта кетейік, «Ауылдағы бір күнім» байқауы алғаш рет 2023 жылы өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *