Skip to content

ПСИХОЛОГТАР МЕН ЗАҢГЕРЛЕР ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДА ОТБАСЫНДАҒЫ АГРЕССОРЛАРМЕН ТЕГІН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Соңғы екі жылдан бері психологтар мен заңгерлер Қазақстанның бес өңірінде отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеуде. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Әйелдер сәулесі» қоғамдық бірлестігі арқылы Астана, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысында жүзеге асты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Өткен жылы мамандар 400-ден астам консультация өткізсе, ал биыл 150-ден астам кеңес берілген. Агрессорлармен кездесу уақытша ұстау изоляторларының, Ішкі істер департаменттерінің аумағында және консультациялық кабинеттерде ұйымдастырылады.

Жоба психологтары ерлерді ашуын бақылауға үйретеді. Сондай-ақ  жанжалдың алдын алу үшін серіктеспен диалогты қалай құру керектігін айтады. Жоба психологтарының айтуынша, отбасында әлімжеттік жасайтындар өздерінің қателіктерін мойындап, өкініш білдіретін жағдайлар болған. Көбі психологпен одан әрі жұмыс істеуге келісім береді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *