Мақтаарал ауданында 56 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған үйлер әлеуметтік жағдайы төмен, үй кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға берілетін болады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов нысан аумағына барып, құрылыстың сапасын қадағалады. Мырзакент пен Атакент кентінде салынып жатқан әлеуметтік үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Айта кетейік, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу үшін республикалық бюджеттен 724 миллион теңге қаржы қаралған болатын.