Маңқайың кенішінде шахтаға құлап кеткен автобус пен Айып Тілеубергеновтің денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қатты жаңбыр, жел және топырақтың құлау қаупі салдарынан іздеу жұмыстары аса сақтықты қажет етеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Павлодар облысы әкімдігі мәліметінше, іздеу тобы бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампер мен көліктің доңғалағы көрінген. Еске салайық, 55 жастағы Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.