Непалда ұшақ апатқа ұшырап, 1 адамнан басқасының бәрі ажал құшты. Бортта экипаж мүшелерін қосқанда 19 адам болған, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Әуе кемесі Катмандудағы Трибхуван әуежайынан көкке көтерілгенде апатқа ұшыраған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Saurya Airlines ұшағы әуе компаниясының қызметкерлерін Покхаруға апара жатқан. Құтқарушылар өртенген ұшақтан қайтыс болған 18 адамның мәйітін алып шықты, аман қалған ұшқыш ауруханаға жеткізілген.