Түркия Ақпараттық технологиялар және байланыс басқармасы Instagram әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Қазақстан арнасына сілтеме жасап.
Instagram Тегерандағы резиденцияға жасалған шабуылдан кейін ХАМАС көшбасшысы туралы материалдарды жүйелі түрде өшіріп отырған. Саяси бюро басшысы Исмаил Ханияның өлтірілуіне байланысты Түркияда болған наразылық шеруі өтті. Түркияның байланыс басқармасы басшысы Фахреттин Алтун шілде айының соңында Instagram-ның әрекеттерін айыптап, мәлімдеме жасады. Айтуынша, бұл «цензуралау әрекеті», платформаларда адамдар өз ойларын еркін жеткізе алуы керек, алайда әлеуметтік желі сөз бостандығын шектеп отыр. Instagram және Facebook-ке иелік ететін Meta бұған қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.