Бұрын қолданыста болған уақыт белдеулерін қайтару туралы өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында алдын ала шешім қабылданды,деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
«Біз сіз берген петицияны қарастырамыз. Соңғы бір жарым айдағы уақыт белдеуін ауыстыру электр энергиясын тұтынуға және халықтың денсаулығына әсер етті деген барлық деректер дәлелденбеді. Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректермен жұмыс істеп жатқанын айтты және статистика республикалық маңызы бар 12 облыста және үш қалада сағат аудару халықтың әл-ауқатына әсер еткенін растамады», — деді сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев.
Оның айтуынша, уақыт белдеуін ауыстыру кезінде халықаралық зерттеулерге талдау жасалған. Қорыта айтқанда уақыт белдеуін қалыпқа келтіруге қатысты петиция қабылданбады.