Skip to content

МЕДИАЦИЯ МІНДЕТІ – ЫМЫРАҒА ҮНДЕУ

5-Тамыз медиация күні. Осыған орай Мақтаарал ауданының әкімдігі және Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы”Медиация кеңесі елдесу және татуласу” біріңғай жобасы аясында ашық есік өтті. Онда аудан тұрғындарына медиация туралы кеңінен түсіндіріліп, кеңестер бірілді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

Аудандық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылған ашық есік күнін кәсіби және қоғамдық медиаторлар, мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп өткізді. Шара барысында кәсіби медиатор Гүлмира Көбегенова  тәжірибеде кездескен даулармен бөлісті. Айтуынша, азаматтар  көбіне алимент өндіру мәселесіне жүгінетін көрінеді. Десе де ,тұрғындар арасында медиацияның танымдылығы әліде төмен дейді.

СНХ: ГҮЛМИРА КӨБЕГЕНОВА МЕДИАТОР

Медиация күніне ашық есік жариялаған екен еркін тақырыпта. Ауданның медиаторы ретінде мені шақырыпты бүгін. Халықпен отырып жүздестік. Халықта көбісі медиацияның не екенін білмейді екен. Сол медиацияны түсіндірдік. Медиация бізде дауды алдын ала реттеу. Өзара ерікті түрде. Әрбір адам бір немесе бірнеше медиаторды шақыртуы мүмкін дауды алдын ала реттеуді, сотқа дейін. Негізі медиация қазіргі қоғамда өте сұранысқа ие. Көбінесе азаматтық дауды шешеміз. Отбасылық сосын әкімшілік, алимент, әсіресе.

 

 Дана бабаларымыз тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен татуластырып, түйіндестіріп отырған. Бүгінде сол билеріміздің заңды жалғасы осы медиация болып табылады. Бұл үрдіс өзінің тиімділігін көрсетіп келеді.

 

 ЖОЛДАСОВ ӘЗІМХАН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жұмыс жоспарына сәйкес медиация күніне ашық есік күнін жаряладық. Елдесу және татуласу жобасының аясында өтіп жатыр. Кәсіби медиаторымыз бар халықпен кездесіп сұрақтарына жауап беріп жатыр. Бүгінгі шараға қоғамдық медиаторларымыз қатысты. Мен ойлаймын өзіне керекті жауаптарын алды деп.

 

 Жиын соңында әр түрлі сипаттағы дау-дамайды сотқа дейін шешу тәсілі ретінде медиацияны көпшілікке танымал ету мақсатындағы жұмыстарды әлі де жандандыру қажеттігі тілге тиек етілді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *