Skip to content

500 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ҮШІН 22 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ КӨЗДЕЛГЕН — ОЛЖАС БЕКТЕНОВ

Үкімет отырысында мектептердің жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-Министр Олжас Бектенов 1-ші сыныпқа балалар қабылдауды ұйымдастыру мен жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге баса назар аударды,деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп. 

 

Жаңа оқу жылында 360 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр.

«Қазір бұл процес белсенді жүріп жатыр. Оны дұрыс ұйымдастыру керек. Балабақшаға бармаған болашақ бірінші сынып оқушыларына көбірек көңіл бөлген жөн. Сондықтан балабақшалар жанындағы консультациялық пункттердің қызметін жандандыру қажет. Балалардың мектепке дайындалуына барынша көмектесу керек. Әдеттегідей, жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс. Биыл 500 мыңнан астам бала үшін 22 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделген. Әкімдіктер мектеп формасы мен керек-жарақтарды сатып алу үшін қаражаттың ата-аналарға уақтылы жіберілуін қамтамасыз етсін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

1 қыркүйектен бастап 1,7 млн-нан астам оқушыны тегін тамақтандыру жоспарлануда. Жекелеген мектептерде асхананың болмауы мәселелері бар Атырау, Түркістан, Жамбыл облыстарының әкімдіктеріне тамақтану сапасын және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *