Skip to content

ОТАНДЫҚ ӨНІМ БОЛА ТҰРА, ИМПОРТТЫҚ ТАУАРЛАРДЫ САТЫП АЛУДЫ ДОҒАРУ КЕРЕК – ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп. 

.

«Жұмыстар мен қызметтердің конкурсын жеңіп алған мердігер компаниялар қазақстандық өнімдер бола тұра, импорттық тауарларды сатып алуын жалғастырып келеді. Мұны доғару керек. Өнеркәсіп министрлігіне мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы отандық фармацевтика өндірісінің көлемін ұлғайтуды, елімізде шығарылатын препараттардың көлемі мен тізбесін кеңейтуді тапсырды. Одан бөлек енді жер қойнауын пайдаланушы отандық тауарларды сатып алуға басымдық береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *