Skip to content

ТЕГІН СҮНДЕТТЕУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сүндеттеу медицина ғылымында “церкумцизия” деп аталса, ислам дінінде сүндеттелу үлкен мәнге ие. Ал оны жүзеге асыруда аурухана басшылығының бастамасымен 4 хирург жұмылдырылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

 

 АМАН БАТЫРҰЛЫ «АТАКЕНТ» МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ

Церкумцизия – жыныс мүшесі ауруларының алдын алатын операция. Басшылығымыздың ұйымдастыруымен бүгін ашық есік акциясы жүргізілуде. Атакент ауруханасына қарайтын тұрғындарына тегін жасалып жатыр. Акция кешке дейін жалғасады. Келушілер көп болды.

 

 Аталмыш шараға келген тұрғындардың қарасы қалың. Себебі сүндетке отырғызу әрбір ата-ананың өз еркі болғандықтан ақылы түрде жүргізіледі. Ал бүгінгі тегін сүндеттеу ата-ана үшін таптырмас мүмкіндік болды. Шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

 ШЫҢҒЫСХАН МӘУЛЕНҰЛЫ ХИРУРГ ДӘРІГЕР

Сүндеттелгенге дейін бала басының фемоз деген ауруларының парафемоз деген ауру болады солардың алдын алу мақсатында, тазалық мақсатында жасалатын процедура. Жалпы ғылыми түрде үш жас, төрт жас, бес жас болып саналады.  Сол жастарда сүндеттеу тез жазылады. Балада қатты білінбейді. Жазылу мерзімі қысқа болады. Әрбір сүндеттелген баланың күтім жасаушысына түсіндіріледі. Алғашқы көмек антибактериалды таблетканы ұнтақтап сеуеміз қайта –қайта. Келесі күннен бастап левомиколь  мазін екі мезгіл жағады.

 

 Сүндетке отырғызу бойынша білікті хирург дәрігерлері сапалы қызмет көрсетті. Жасөспірімдерге жеңіл әрі қолайлы болды. Ауырсыну өздерін қолайсыз сезіну сынды жағдайлар ұшырыған жоқ. Мамандар  бала сүндеттелгеннен кейін гигиенаны мұқият бақылау маңызды деп ескертеді.

 

 СЫРСҰЛУ ИСАБАЙҚЫЗЫ АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Мұсылманның ең үлкен парызы сүндеттеу екен. Мына бүгін мекеменің басшылары жақсы бір акция ұйымдастырыпты. Қаншама халық келіп ,міне, риза болып отыр. Мен өзім Абай ауылынан келдім. Екі немеремді әкеліп, сүндеттеп кетіп бара жатырмын. Ата-ана бүгін бірінші міндетін атқарып атқа отырғызып жатса, келешегі барлық балалар менмін деген нағыз мұсылман болып таққа отыра берсін. Осы кісілер ұқсаған врачь болсын деймін. Өзім ниет қылып келдім. Екі баламды екі дәрігерге кестірдім.

 

 Айта кетейік акция аясында бір күнде 100ге жуық бала сүндеттелді.  Мұндай игі іс-шаралар жыл сайын жалғасатын болады дейді ұйымдастырушылар.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *