Skip to content

2024 ЖЫЛЫ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 142,5 МЫҢ СТУДЕНТ ҚАБЫЛДАНДЫ – БҰЛ 2023 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 1,5 ЕСЕГЕ КӨП 

Үкімет отырысында Премьер-Министр жұмысшы мамандықтары үшін кадр даярлау сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстардың негізгі міндеттері белгіленді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп

 

«Халықаралық салалық стандарттар мен сертификаттауды белсенді түрде енгізу қажет. Ол үшін Оқу-ағарту министрлігі жұмыстың сапасына тәуелсіз бағалау жүргізуі керек. Сондай-ақ технологиялық көшбасшыларды айқындай отырып, колледждерді кәсіби бейімдеу мен саралауды аяқтауы қажет», — деп баса айтқан Олжас Бектенов, университеттер мен колледждердің білім беру бағдарламалары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету керек екенін айтты.


 
Соңғы жылдары кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамытуда бірқатар прогрессивті қадамдар жасалды, атап айтқанда, колледждер жұмысшы мамандықтары бойынша тегін оқытады, студенттерінің стипендиялары 50%-ға өсті, кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі айтарлықтай ұлғайды. Мәселен, бұған дейін колледждерге бюджет есебінен жыл сайын 93 мыңға жуық студент қабылданып келсе, 2024 жылы олардың саны 142,5 мыңға дейін жетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *