Skip to content

ТАЛҒАРДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ ӨЛІМІ:7 КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Талғарда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Қылмыстық істі ІІМ ерекше бақылауына алған. Қазір  арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.  Бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттелу үстінде.

«Қазіргі уақытта 7 адамның қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша, басқа тұлғалардың қатыстылығын анықтау үшін тергеу шеңберінде тексеру жүргізіліп жатыр. Әрқайсысына қатысты құқықтық баға берілетін болады. Қайтыс болған жасөспірімнің заңды өкілдері тергеу барысы туралы хабардар етілуде», – деді Алматы облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *