Skip to content

КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ

   Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

 Жалпы отырыста Мәжіліс депутат­тарының бастамасымен әзір­ленген «Қазақстан Республи­касы­­ның кейбір заңнамалық акті­леріне сұйытылған газ айналы­мын реттеу процестерінің реинжи­нирингі мәселелері бойынша өз­геріс­тер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасын бірін­ші оқылымда талқылау ұсынылады.

  Аталған заң жобасы нарық жағдайларын ескере отырып, сұйытылған газдың бағасын белгілеу және оны бөлу үдеріс­терін жүйелі реттеуге, көлең­келі экспортты болғызбауға, өңірлерде сұйытылған мұнай газының заңсыз ағынына жол бермеуге бағытталған.

  Сондай-ақ күн тәртібінің жобасында ратификацияланатын заң жобалары бар. Олар – үшін­ші елдермен өзара саудадағы техни­калық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісім және Әзер­байжанмен өсімдіктер каран­тині және оларды қорғау саласын­дағы ынтымақтастық туралы келісім.

  Сонымен қатар Мәжіліс коми­тет­­тері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Атап айтқанда, Әлеуметтік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер жобасы, конституциялық заңдар­ға өзгерістер енгізу, әлеуметтік қам­сыздандыру мәселелері бо­йынша түзетулер енгізу мен жылу энергетикасы, жергілікті өзін-өзі басқару, жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар. Жұмысқа алынатын заң жобаларының қата­рын­да кедендік транзиттің кеден­дік рәсіміне сәйкес тауар­ларды тасымалдау (тасу) кезін­де кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *