Skip to content

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСТІ

  Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп мұғалімдерінің, колледж мұғалімдерінің, әдіскерлердің, қосымша білім беру педагогтерінің жалақысы 25 пайызға өсті.

  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көтеріліп келеді. Осылайша, қазіргі таңда мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті.

  «Президенттің қолдауының арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз жемісін беруде. Бұл мамандыққа университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың білім алуына жақсы әсер етеді», деді Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

  Еске салайық, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан кейін қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін де қосымша ақы қарастырылған. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап кадр тапшылығы бар өңірлерге тартылған мұғалімдерге лауазымдық жалақысының 150 пайызы мөлшерінде қосымша төлем белгіленді.

  Айта кетерлігі, мұғалімдердің жалақысы білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне, оқу жүктемесіне, магистр дәрежесіне және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *