Еліміздің Батыс аймағында орналасқан Ақтау қаласында газ баллон жарылып, 1 адам қайтыс болды. Тағы 3 адам ауруханаға түсті. Сағат 18:20 шамасында Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ балон жарылған. Салдарынан техникалық қызмет көрсету орталығының бір қызметкері қайтыс болды. Үш ер адам күйік жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Өрт сағат 18:48 де ауыздықталған. От шарпыған аумақ-50 шаршы метр.