Skip to content

113 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

  Қытай үкіметаралық келісімдер аясында 113 білім грантын бөлді. Қазақстандықтар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқиды. Өтінімдер 2023 жылғы 19 қаңтардан 3 ақпанға дейін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе Халықаралық бағдарламалар орталығында қабылданады. Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесінің campuschina.org сайтында ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін онлайн тіркелуі керек.

   «Тіркелген кезде үміткер оқу бағдарламасын, жоғары оқу орнын және мамандықты таңдайды. Қазақстандықтарға ҚХР-дың 250-ден астам жетекші жоғары оқу орны ұсынылады. Оқу қытай немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Бірқатар елдер тілді білмейтін үміткерлер үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігін қарастырған», — деп атап өтті Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин. Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқыту ағылшын немесе қытай тілдерінде өтеді. Қытай тілінде оқытуды таңдаған кезде бакалавр дәрежесіне үміткерлер HSK 3 сертификатын, магистр және доктор дәрежесіне үміткерлер — HSK 4 сертификатын ұсынуы тиіс. Грант тағайындау конкурсына қатысу үшін негізгі критерийлер: бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестат немесе негізгі орта білім туралы куәлік және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табель/ транскрипт немесе арнаулы орта білім туралы диплом орта балының кемінде 4,0 (5,0-тен) балына сәйкес болу тиіс, ал, магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін — бакалавр/маман/ дипломы немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт орташа балының кемінде 3,0 (4,0-тен) балға теңесуі тиіс. Сонымен қатар  ағылшын тілінде оқу үшін ҚХР университеті белгілеген деңгейдегі шет тілі бойынша қолданыстағы сертификат болуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *