Skip to content

4 АЙЛЫҚ НӘРЕСТЕГЕ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ӨТТІ

      Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасап, оның көкірегіндегі жарықты алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

   Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасына 4 айлық бүлдіршін медициналық жедел жәрдем қызметімен келген. Аурухананың қабылдау бөліміне түскенде ата-анасы жөтелдің күшейіп, ентігу, жалпы әлсіздік бар екенін айтып, шағымданған. Пациенттің кеуде қуысын рентген арқылы тексеру кезінде дәрігерлер оның оң жақ көкірегіндегі жарықты анықтаған. Алғашқы қойылған диагноз бойынша сәбиге ашық түрде күрделі операция жасалды. Білікті хирург Қайрат Ильясұлының айтуынша, сәбидің көкірек тұсындағы жарықтың көлемі 1,5 см. Жарық туа біткен және бала анасының құрсағында жатқанда пайда болған деген болжам бар. Яғни, дәрігерлер бұл өздігінен пайда бола бермейтін, сирек құбылыс екенін алға тартып отыр. Бүгінде кішкентай науқастың жағдайы қалыпты. Сәби анасымен бірге үйіне жіберілді. Дәрігерлер алдағы уақытта қосымша ота жасауға қажеттілік жоқ екенін айтып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *