Skip to content

ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ӘР АДАМ ЖАУАПТЫ

  Мақтаарал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өткен жылдың тамыз айынан бері қысқы жылыту маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бағыттарындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, Сала мамандарының ескертпелерін тұрғындар қаншалықты сақтауда? Жыл басынан бері  ауданда қанша өрт оқиғасы тіркелді толығырақ алдағы бейнематериалда.

   Қауіпсіздік басты назарда деген Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары аудан тұрғындарын жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздіке шараларын қатаң бақылауға шақырады. Алайда 2023 жыл басталғалы бері ауданда 5 өрт оқиғасы тіркелген.

   Сала мамандарының айтуынша өрт оқиғалардың басты себебі ол жылыту ошақтарының дұрыс жұмыс жасамауынан және қазірде көпке танымал иран пештері мен электрлі жылытқыш құралдар.

    Айта өтейік  өткен 2022 жыл көлемінде 22 өрт оқиғасы тіркелген.Ал, сала мамандары  тұрғын үйлерді аралап, жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру барысында 29 заңсыз жылыту ошақтары анықталып хаттама толтырылып, айыппұлдар салынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *