Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы бойынша білім мекемелерінің оқытушы ұстаздарымен жиын болып өтті. Онда сөз болғандай «Қаржы пирамидасы және оның алдын-алу» тақырыбында әңгіме өрбіді.
Онлайн-бизнес дамыған сайын, интернет-алаяқтық оқиғаларының саны мен түрлері де артуда. Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандарының жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі, халық көп шоғырланған аймақтарда орын алғандығы анықталған. Ал, құйтырқы істерін жүзеге асыруды көздеген тұлғалардың басты жемтігі олар көбіне педагог оқытушылар соның ішінде әйел азаматтар болғандықтан алаяқтардың арбауына түспеу үшін ең алдымен, жеке мәліметтерге сақ болуға шақырған Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицері Гүлзия Қарсыбай қаржы пирамидаларының түрлеріне тоқталды.
Аталған жиынға аудан оқытушыларынан 150-ге тарта педагог қатыстырылды. Сондай — ақ ұйымдастырушылар тарыпан алаяқтар да түрленіп жатқанын еске сала отырып, қаржы пирамидасы мен құмар ойындарынан сақ болу керектігі ескерте отырып, интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейту бағыттары ортаға салынды.
Айта өтейік шара соңында оқытушы ұстаздар тарапынан кері байланыс орнатылып Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдері қойылған сауалдарға толықтай жауап берді жәнеде алаяқтық іс әрекеттерді байқаған жағдайда, жергілікті полиция бөліміне немесе 14-58 коол орталығына хабарлауға болатындығын айтты.