Skip to content

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

  Түркістан облысындағы су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Дегенмен төтенше жағдайдың алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. Облыс басшысы маңызды мәселеге қатысты нақты тапсырмалар берді.
 
  Көктемгі су тасқынына дайындық іс-шаралары туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жунусов баяндады. Алдын алу шаралары арнайы бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылуда. Су қоймалары мен өзендерге күнделікті мониторинг жүргізілуде. Қазіргі таңда су қоймалардың толуы орта есеппен 30-35 пайызды құрап, өзендердегі су көлемі орта деңгейден төмен ағуда. 2022 жылы алдын алуға жалпы 462 млн. теңге бөлініп, тасқынға қарсы инженерлік жұмыстар атқарылды. 1218 шақырымды құрайтын 680 арықтар мен каналдар қоқыстан тазартылып, 1 мың шақырымға жуық қашыртқы арналар механикалық тазартудан өткізілді. Қажетті инертті материалдар мен қаптар қоры дайын.
 
  Облыста жалпы 41 су қоймасы (респуб.-16, облыстық-5, аудандық-15, жеке меншік-5) мен 12 су тоғаны орналасқан. Басым бөлігі 1932 мен 1970 жылдары аралығында пайдалануға берілген. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы мүлдем жөндеуден өтпегендіктен Бөген, Қапшағай, Қосқорған, Майдантал, Ырмақ-өзен, Рабат, Ащы, Қошқар ата (Абай) су қоймалары мен Қараспан су тоғаны табиғи тозығы жеткенін жеткізді.
 
  Сондай-ақ төтенше жағдайға ден қоюға жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жалпы 2065 жеке құрам, 424 бірлік техника, 5 қайық, 116 мотопомпа дайындыққа келтірілді. Сырдария өзеніндегі қалыптасқан жағдай ерекше бақылауға алынып, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп қауіпті жерлерге кезекшілік ұйымдастырған. Су режимі мен мұздың жағдайына бақылау жүргізілуде. Төтенше жағдай туындау мүмкін жағдайындағы іс-әрекеттер пысықталып, дайындыққа келтірілді.
 
  Облыс әкімі жауапты орынбасары мен барлық аудан, қала әкімдеріне құзырлы мекемелермен бірлесіп, аумағындағы қауіпті учаскелер мен гидротехникалық құрылыстары зерделеп, қажетті шаралардың қабылдануын тапсырды.
 
  — Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Десек те, жан-жақтан дайындықты күшейтіп, апаттың алдын алуға күш саламыз. Басты байлығымыз – халқымызға қауіпті жағдай тудырмау үшін су қоймалары шұғыл түрде арнайы зерттеуден өткізіліп, тиісті шаралар қабылдану керек. Су тасқынының алдын алу үшін дайындық жұмыстары бойынша іс-шаралар жүргізілсін. Барлық аудан, қала әкімдері дайын болу керек. Апаттың алдын алу үшін су арналары тазартылып, арнайы техникалардың жағдайы тексерілсін. Қажетті құрал-сайман толық дайын болу керек. Қосымша техника қажет болса, қазірден қамданып, сатып алу жағын қарастырылсын,-деді облы әкімі Дархан Сатыбалды.
 
  Сонымен бірге тасқынға қарсы инертті материалдарды және күш пен құралдарды әзірлікке келтіруді және жағдай күрделенген кезде жедел жұмылдыруды ұйымдастырылуын, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялық іс-шараларды пысықтауын, су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарларын толыққанды сапалы орындалуын міндеттеді. Су тасқыны кезеңіне күштер мен құралдардың толық дайын болуын тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *