Skip to content

ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАҒАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

  Ұлытау облысында есірткі саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды.Ұлытау обылысының ПД және Жезқазған полиция бөлімшесінің қызметкерлері есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 46 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін Жезқазған қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ порталы POLISA.KZ ке сілтеме жасап.

   Жезқазған қаласының тұрғыны 46 жастағы  күдіктіден 30 бума синтетикалық есірткі заттары табылып, тәркіленіп отыр. Ол есірткі затын сату үшін, бірге тұратын 31 жастағы әйелден алғаны анықталды, ол да өз кінәсін мойындады. Сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Белгілі болғандай, бұл облыс орталығының аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуі бірінші рет орын алып отырған жоқ. Қарағанды-Жезқазған тас жолында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сатуға арналған есірткінің тағы партиясы тәркіленді. Қазіргі таңда  барлығы 330 грамнан астам тыйым салынған заттар тәркіленіп отыр. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы яғни (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *