Skip to content

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

    Мақтаарал ауданы бойынша кірістер басқармасында ашық есік күні өтті. Шара барысында салық төлеушілерге  еліміздің салық заңнамасына енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Сонымен бірге азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң жөнінде ақпарат берілді. Биылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталғандығы хабарланды.

  Биыл елдегі салық кодексінің 62 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ашық есік күні барысында тұрғындарға заңдағы жаңартулар қарапайым тілмен түсіндірілді. Жиналғандар заңға қатысты сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

 Абзал Құрманбеков, Мақтаарал ауданы бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары

Бұл жерде атап көрсететін болсақ, жалпы уәкілетті органдарда корпооративтік табыс салығында , қосымша құн салығында, арнаулы салық режимдерінде, көрнекі жарнама төлемдер бойыншга өзгерістер бар. Солардың әрқайсысына тоқталып, осы жердегі заңды тұлғалар, жеке тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  Жиында көпті қызықтырған азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңның тиімді және тиімсіз жақтары айтылды. Биылдан бастап жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі басталғаны,  оны кімдер тапсыратындығы хабардар етілді. Мамандардың айтуынша, ауданда 8 мыңға жуық адам декларация тапсыруға міндеттеледі.  Бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметкерлер мен оның жұбайлары тапсырған болса, ендігі кезекте:

Абзал ҚҰРМАНБЕКОВ; Мақтаарал ауданы бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары

Врачтар, медициналық қызметкерлер мен оның жұбайлары, сонымен қатар мынау мұғалімдер мектептердегі, соның жұбайлары тапсырады. Ал 2024 жылдан бастап ол кісілер 270 салық нысанын тапсыруға міндетті болады.

 Декларация тапсыруға міндеттелген азаматтар мынадай кірістерін көрсетуге тиіс.

  Бекзат НИЯЗБЕКҰЛЫ; Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

Онда есептік күнтізбелік жылы аланған кірістері және салық шегерімдері, мүлкі ҚР тысқары жерде орналасқан шетелдік банк шоттардағы ақша, сондай ақ ҚР тысқары жерлердегі мүлкін сатып алу немесе есептен шығару туралы мәліметтер көрсетіледі. ҚР заңына сәйкес табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдарға 270 үлгідегі және жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның толтырылуы электронды түрде салық төлеуші кабинетіне және Е салық азамат мобильді қосымшасы арқылы табыс етеді.

    

    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *