Елімізде бүгінгі күнге дейін қанша көлік заңдастырылды. Аталмыш сұраққа Ішкі істер министрлігінің өкілдері брифинг барысында хабарлады.
«Бүгінгі күні 28 мың көлікті заңдастыруға рұқсат берілді. 5500 көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірлерін алды», деп хабарлады ІІМ өкілдері брифинг барысында.
Еске сала кетейік, көлікті заңдастыруға өтінішті e-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы, екінші деңгейлі банктердің өтініштері арқылы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында бере аласыз.
Ережеге сәйкес, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінуі, қылмыскерлердің есебінде болмауы, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінетін көлік кедендік ресімдеуден өтуі тиіс. Егер автокөлік заңдастыруға жататын болса, онда бастапқы тіркеу үшін мемлекеттік баж, тіркеу куәлігі және мемлекеттік нөмір үшін алым төлеу қажет.
Еске салайық, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.