Түркістан полицейлері су басып қалған аудандардың тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.
Соңғы ақпараттар бойынша, Түркістан облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында 6 көше, 48 аула су астында қалған.
Полицейлер мен тиісті қызметтердің қызметкерлері халыққа көмек көрсетіп, жаңбыр суының бағытын бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Орын алған оқиғаға байланысты зардап шеккендер тіркелмеген.