Skip to content

ҚЫЗЫЛҚҰМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Мамытов Серік Үсенұлының кезекті кездесуі Қызылқұм ауылдық округінің С.Ерубаев жалпы орта мектебінде өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
    Барлық бөлім басшылары мен аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбековтың қатысуымен өткен кездесуді аудан басшысының іс-сапарда болуына байланысты аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев өткізді.
Тұрышбек Күлішұлы 2022 жылы ауданда, соның ішінде Қызылқұм ауылдық округінде атқарылған, атқарылуы тиіс жұмыстардың барысымен таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
 
    Алдыңғы тоқсанда өткен кездесуде көтерілген Қызылқұм ауылдық округіндегі Қосқұдық және Еңбекші елді мекендеріне ФАП салу мәселелері бойынша Қосқұдық ауылындағы ФАП құрылысын жүргізу үшін жер учаскесінің бөлініп берілгенін, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының 2021-2023 жылдарға арналған жоспарына сәйкес бұл нысанның құрылысына қажетті құжаттары қайта рәсімдеуге басқармаға тапсырылғанын, ФАП құрылысы 2024 жылы басталатынын айтқан Тұрышбек Елшібаев Еңбекші елді мекенінде ФАП құрылысының құрылысы биыл басталатынын жеткізді.
 
   Сонымен қатар, округке қарасты 17 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 13 елді мекенге ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған.
 
  Жалпы сметалық құны 3 млрд 306 млн 633 мың теңгені құрайтын 13 елді мекеннің ішінен Қызылқұм және Ақтөбе елді мекендерінде республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжаттамасы дайын 11 елді мекеннің жұмыс жобаларының құрылысына ресубликалық бюджет пен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржы бөлдіруге салалық басқармаға ұсынылған. Қалған 4 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан соң кезең-кезеңімен құрылысына қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.
 
  Одан бөлек, өткен жылы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын Датқа елді мекеніндегі Атақоныс көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жұмыстары жүргізілсе, ұзындығы 1 шақырымды құрайтын Мүсалиев, Ақтөбе елді мекеніндегі 1,18 шақырымды құрайтын Болашақ, Еңбекші елді мекеніндегі 0,52 шақырым құрайтын Көлденең көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамалары жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, бюджет қаражаты есебінен кезең-кезеңімен қаржыландыруға ұсыныс жолданады.
 
 Ал, Қостақыр елді мекеніндегі жарамсыз бағаналарды «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан өткен жылы ауыстырылса, Еңбекші, Мақталы елді мекендерінің бағаналары 2024 жылы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында 6,1 шақырым СИП-кабельді желілерге бағаналарымен қоса ауысатын болады. Ақжайлау және Ақбұлақ ауылдарының жарамсыз бағаналарын ауыстыру жұмыстары 2023 жылдың 2 тоқсанында жүргізілсе, Еңбекші елді мекенінің Көлденең, Ақтөбе елді мекенінің Болашақ, Байедил, Алтынкөл елді мекенінің Жаңа құрылыс көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамлары жасақталған. Түрлі деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен кезең-кезеңімен қаржыландыруға ұсыныс жолданады.
 
  Сондай-ақ, «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен қалпына келтірілетін 210 тік дренажды ұңғыманың 41 данасы Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан. Жоба мемлекеттік сараптамадан оң шешімін тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары 2023 жылдың І жарты жылдығында басталуы жоспарланса, К-30-22а каналына орнатылатын насостар «Кернеу лимитед» ЖШС тарапынан алынып, 2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде тиісті министрліктер жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім енгізеді. Тиісті қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар атқарылатын болады.
 
 Аудандық маңызы бар KXJS-11 Көбек елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолына және Ақбұлақ, Ақжайлау елді мекендеріне кіре беріс жолдарына жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттамалары жасақталуда. Сметалық құжаттамасы жасақталып қаржы көлемі анықталғаннан соң, бюджеттен қаржыландыруға ұсынылады.
 
  Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан әкімінің орынбасары жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді. Айтылған мәселелер хаттамаға енгізіліп, жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *