2023 жылдың ақпан айының 02- 05 күндері аралығында Қырғызыстан Республикасының Бишкек қаласында үстел теннистен Ю.А.Повесин атындағы халықаралық жастар клубының чемпионаты болып өтті, деп хабарлайды Sanur.tv.
Чемпионатқа Өзбекстан, Түркменстан, Қазақстан және Қырғызыстан Республикаларынан жалпы саны 39 команда келіп қатысты.
«Спорт- ел намысы» демекші Түркістан облысының атынан чемпионатқа қатысқан «MARTEN» командасының қатарында Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Назир Рамазан мен Серікбай Назым қатысып келді.
Көршілес мемлекеттер арасында өткен чемпионаттың ойын алаңында жақсы ойын кезеңдерін көрсеткен ауданымыздың спортшылары командалық есепте жүлделі үшінші орынның жеңімпаздары болды.
Спортшыларымызды чемпионатқа дайындап, апарып алып келген үстел теннистен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Есімханов Ержан.