Skip to content

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ 7 ЖАСАР ҚЫЗ ІНІСІН ДЕНЕСІМЕН ЖАУЫП ҚОРҒАП ҚАЛҒАН

   Желіде 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында інісін қорғап жатқан видеосы тарап, жұртшылықты тебірентті, деп хабарлайды Sanur.kz порталы.

  Бұл видеоны өзінің Twitter парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа бөлісті.

   Tribune India жазбасында жеті жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін 17 сағат бойы үй қирандыларының астында інісін қорғап қалғаны айтылған. 

  Видеода оның інісін өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап тыныштандырғаны көрінеді.

   Желіде: «Құдай-ау, неткен батыл қыз», «Жүрегің ауырады, жарайсың, балапан!», «Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке», – деген пікірлер жазылды.

   Бұл бүлдіршіндер кейін үйінді астынан құтқарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *