Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда жалдау ақысының төмендеу үрдісі байқалып отыр. Мәселен, қаңтар айында өткен аймен салыстырғанда пәтер жалдау ақысының орташа құны 2,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Sanur.kz.
Бұл ретте бір айда, яғни 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін жаңа тұрғын үйді сатуға баға 0,7%-ға, пәтерлерді қайта сатуға — 0,3%-ға өсті.
Мәселен, жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 481 891 теңгені құрады, қайталама нарықта тұрғын үйді қайта сату кезінде – 515 019 теңге, абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы бір шаршы метрге 4 671 теңгені құрады.
Сонымен қатар бір жыл ішінде (2022 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың қаңтары) қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 18,7%-ға, жаңа тұрғын үй сатылымы 14%-ға өсті. 2023 жылдың қаңтарында абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,3%-ға өсті.
Бұл ретте бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтау қаласында бір жыл ішінде айтарлықтай өсті – 28,2%, Ақтөбеде – 25,4%, Петропавлда – 20,9%.
Қайталама нарықта Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай (31%) қалалары баға өсімінің көшбасшылары атанды, ал тұрғын үйді жалға беру нарығында Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы (50,7%) көш бастап тұр және.