Skip to content

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОКСШЫ ҚЫЗДАРЫ МАРОККОДА 5 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

       Марокко елінде бокстан өтіп жатқан «GOLDEN BELT SERIES MARRAKESH 2023» («Алтын белбеу») халықаралық турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sanur.kz еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасап. 

   Чемпион атанғандар: 48 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова финалда тайпейлік Лью Чен-Лингтті; 57 келі салмақтағы Карина Ибрагимова ресейлік Людмила Воронтцованы; 54 келі салмақтағы Жайна Шекербекова италиялық Алеан Савчукты; 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ресейлік Екатерина Пальцеваны; 75 келі салмақтағы Валентина Хальзова бразилиялық Вивиане Пирейраны жеңді.

  Күміс медаль алған спортшыларымыз: Аида Әбікеева (63 кг); Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).

   Қола жүлде иеленгендер: Надежда Рябец (66 кг), Мадина Нұршаева (70 кг) және Фариза Шолтай (81 кг).

   Марракештегі турнирде Қазақстан атынан барлығы 12 боксшы өнер көрсетті. Медальсіз қалған спортшылар: Жазира Орақбаева (52 кг) мен Владислава Кухта (60 кг).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *