Skip to content

60 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРДЫ

      Бүгінге дейін 61 мың Қазақстан азаматына шетелдік көліктерді заңдастыруға рұқсат берілді, деп хабарлайды Sanur.tv.

  «Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың басталғанына 20 күн өтті. Бүгінгі таңда 61 мың азамат көліктерін заңдастыруға рұқсат алды. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірлерін алды», деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

    Оның айтуынша, заңдастыру биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану ішкі істер органдарына жүктелген негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

   «Бұл құқық бұзушылықтың алдын алуға да, қылмыстарды тезірек ашуға да мүмкіндік береді», деп атап өтті ол.

  2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген және тіркелмеген автокөліктерді біржолғы заңдастыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. 23 қаңтарда еліміздегі барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында заңдастыру басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *