Skip to content

«АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ШОРТТРЕКШІЛЕРІ ЕКІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

    Ресейдің Кемерово қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан «Азия балалары» ойындарында қазақстандық шорттрекшілер екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sanur.kz.

    БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан мәлім еткеніндей, 1500 метрлік қашықтықта батысқазақстандық спортшылар Мейіржан Төлеген күміс, Мәлика Жолтабар қола жүлдеге қол жеткізді.

    Мейіржан Сейілбекұлы 2008 жылдың 26 маусымында Орал қаласында дүниеге келген. №40 орта мектепте оқып жүріп, шорт-трек спортымен жаттықтырушы Ерхат Құбашевтың қол астында жаттыға бастаған. Шорт-тректен ел чемпионы, ҚР спорт шебері.

       Мәлика Жәрдемқызы 2008 жылдың 13 наурызында Орал қаласында дүниеге келген. Қаладағы №25 орта мектепте білім алған. Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының жүлдегері, ҚР спорт шеберлігіне үміткер.

    Екеуі де бүгінде Оралға қарасты Деркөл кентінде орналасқан олимпиада резерві облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9-сыныбында оқып жатыр. Оларды Ерхат Құбашев, Данабек Хайров, Максим Лозовой бастаған бапкерлер Орал қаласындағы мұз айдыны спорт сарайында жаттықтырады.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын қысқы спорт түрлерінен «Азия балалары» ойындары басталғанын жазған болатынбыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *